06.06.2022
  116


Автор: Ескен Елубаев

ҚАНША САБАҚ ОҚЫДЫҚ?

Дүйсенбiде,
Мектепте бiз отырып,
Алты сабақ оқыдық.
Сейсенбiде,
Мектепте бiз отырып,
Алты сабақ оқыдық.
Сəрсенбiде,
Мектепте бiз отырып,
Бес-ақ сабақ оқыдық.
Бiр мұғалiм,
Ауырып қап келген жоқ.
Өткiзетiн
Сабағын ол берген жоқ.
Бейсенбiде,
Алты сабақ оқыдық,
Мектепте бiз отырып.
Жұма күнi,
Бес-ақ сабақ оқыдық
Мектепте бiз отырып.
Сенбi күнi
Болды-дағы сенбiлiк,
Көше, ауланы
Сыпырдық сəнге келтiрiп...
Сонда бiздер,
Осы аптада отырып,
Қанша сабақ оқыдық?..
(28 сабақ)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу