06.06.2022
  153


Автор: Ескен Елубаев

ҚАНША АЯҚ БАР?

Адамда бiр қуаяқ,
Шай iштi екi шыныаяқ.
Байлаулы ит Құтаяқ
Жалап жатыр итаяқ...
Алаяқ түлкi қуады,
Қосаяқты еңiсте.
Сегiзаяқ жүзедi
Шалқып жатқан теңiзде.
Маймақаяқ қара аю
Ну орманда жүр дара.
Доппен ойнар далада
Жалаңаяқ бiр бала...
Қотанаяқ бiр адам,
Шөлiн басты iштi де.
Үш саптыаяқ сырадан...
 Мықты болсаң,
Ал, санап,
Бəрiнде бар қанша аяқ?..
(Жиырма сегiз аяқ (қуаяқ, шыныаяқ, итаяқ, алаяқ, маймақаяқ, жалаңаяқ, қотанаяқ, саптыаяқ саналмайды)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу