06.06.2022
  286


Автор: Ескен Елубаев

ОЙЛАН, ТАП

Мұхтар,
Сəуле,
Бiр үйдiң балалары,
Егiз туған екеуiн
Аналары.
Олардың бар бiр үлкен
Əпкелерi,
Одан үлкен бар жəне
Ағалары.
Ажырата алмайтын
Түр-түсiн де,
Ұқсайтұғын жүргенi,
Күлкiсi де.
Кейiн туған Мұхтардан,
Сəуледен соң,
Бiр ұл, бiр қыз тағы бар
Үй-iшiнде.
Кəне, ойланып асықпай
Табыңдаршы,
Сонда қанша, есептеп
Алыңдаршы.
Əпкесiнде қанша iнi,
Сiңлiсi бар,
Ағасының қанша iнi,
Қарындасы?..
(Ағасының екi iнi, үш қарындасы бар, əкпесiнiң екi iнi, екi сiңлiсi бар)

Жəне кiмдер есептеп
Ала алады,
Осы үйдiң бар қанша
Балалары?..
(Алты баласы бар)



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу