06.06.2022
  294


Автор: Ескен Елубаев

Көктем шығып,
Жаз болып,
Далада ойнар мəз болып,
Асықтарым аз болып,
Көңiлiм жүр пəс болып...
Қоям кейде армандап,
Iшiмнен мен жалмаңдап,
Бiздiң үйге,
Шiркiн-ай,
Қонақ келсе бiр күнi-ай!
Атам сонда қой сойса,
Қуанар ем,
Ой, сонша.
Жатса үй-iшi ет асып,
Қойда бар ғой екi асық,
Ол менiкi болмақшы,
Өзiм үшiн сол жақсы...
Қонақ етке тояды,
Менде он асық болады!
Есептешi, ал ендi,
Сонда өзiмде бұрыннан
Қанша асығым бар едi?..
(Сегiз асық)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу