06.06.2022
  130


Автор: Ескен Елубаев

ЕСЕП

Бос тұрмастан бекер,
Алпыс секунд өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр минутқа жетер.
Бос тұрмастан бекер,
Алпыс минут өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр сағатқа жетер.
Бос тұрмастан бекер,
Жиырма төрт сағат өтер.
Басын қосып бiрiгiп
Бiр тəулiкке жетер.
Бос тұрмастан бекер,
Отыз күн де өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр айға олар жетер.
Бос тұрмастан бекер,
Он екi ай өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр жылға олар жетер.
Бос тұрмастан бекер,
Жүз жылың да өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр ғасырға жетер.
 Бос тұрмастан бекер,
Талай ғасыр өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Сан дəуiрге жетер.
Бос тұрмастан бекер,
Дəуiрлер де өтер.
Түбiне оның мəңгiлiк
Кiм бар дейсiң жетер?..
Есептейiк, ал, де,
Кiм айта алар дəл де.
Бiр ғасырда неше жүз,
Айдың саны бар де?
Есептейiк, ал, де,
Кiм айта алар дəл де.
Бiр ғасырда неше мың,
Күндерiңiз бар де?
Есептейiк, ал, де,
Кiм айта алар дəл де.
Бiр ғасырда неше миллион,
Сағатыңыз бар де?
Есептейiк, ал, де,
Кiм айта алар дəл де.
Бiр ғасырда неше миллиард,
Минутыңыз бар де?
Есептейiк, ал, де,
Кiм айта алар дəл де.
Бiр ғасырда неше триллион,
Секундыңыз бар де?!.
Оны қалай бiлдiк,
Кəне, құлақ түрдiк.
Кiм есептеп беретiн,
Кiм есепке жүйрiк?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу