Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  134


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл...

Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл,
Мерзімі бар сақталар бейнеңнің де әр.
Күнде естесің – меңің бар ақ жүзіңде,
Биқасап көйлегің бар.
Жадым жақсы, жағымды қинамайын,
Ибасы да асқақтау илан, айым;
Көзді жұмсам, шығады бір көрініс,
Ғажайып кинодайын.
Адам қатар өсірген айламенен,
Айнала – ағаш, жап-жасыл айнала – емен.
Көлеңкеден шығасың...Басталады,
Бір фильм «Ләйлә» деген.
Ғажап фильм осынау өңірдегі ең,
Соны көріп мұңаям, көңілденем.
Жазып, қойып, шығарған режиссері
Бар оның Өмір деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу