Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  126


Автор: Жұматай Жақыпбаев

«– Ләйләң қайда?» – деді маған күліп күн...

«– Ләйләң қайда?» – деді маған күліп күн,
«– Ләйләң қайда?» – деді маған күліп түн.
Дүниенің көріп жүрген күллі елін,
Көрдім маған күннің қатты күлгенін.
Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп:
«Сені тосып жүре ме ол, – деп, – үлбіреп?!»
Құшағы бар аялайтын аялы,
Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды.
Аяды кеп, аялады, күлмеді,
Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені:
«Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп,
Күлкілі боп жүрісің де бақыт», – деп.
Аямайтын күн болып кел – бәрібір,
Аялайтын түн болып кел – бәрібір.
Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспайтын қара жерше сүйемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу