Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  83


Автор: Әбжан Әбілтай

Жаратушыға наз

Анда-санда ашуыңа беріп бой,
Қалтырасаң,
қашып кетер көрікті ой.
Әл тайғанда ақылың да қорғаныш,
Қартайғанда қатының да серік қой.
Маған салсаң,
шығатұғын қойша өріп,
Бастырмалап,
бой бермейтін ой серік.
Ақыл серік алдыртпайтын ешкімге,
Бұлтарсаң да бұлжытпайтын жөн
серік.
Бір кезі жоқ басым ойдан босаған,
Жалғызыңды жарылқай көр,
Жасаған!
Қалың ойдан сейілейін деймін де,
Сол баяғы, сол бәледен өш алам.
Бір кезі жоқ басым ойдан босаған,
Жалғызыңды жарылқай көр,
Жасаған!
Қорға мені
тас атқаннан тасадан,
Қорға мені
пілден емес, масадан.
Кездер алыс мен білекті сыбанған,
Мен білмеймін
өттім бе (жоқ) сынаудан,
Кездерімдебесіндіге күн ауған
Көп қинамай,өлтіре сал тұмаудан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу