Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  86


Автор: Әбжан Әбілтай

Астанада болмағанмен әлі кеш...

Астанада болмағанмен әлі кеш,
Бәрі де «окей!», «нормально»,
Бәрі бес.
Бес тіл білсек теңелеміз басқамен
Дейді бізге түрі қазақ жарымес.
Жат жер маған – жат жер мүлдем.
Мені ұқтыр
жаһанданған жарымеске сеніп бір.
Мың жасасам, мен баспайтын сол
жерді
Сол жарымес бес тиынға беріп тұр.
Қайтем кезіп қазағы жоқ ол жерді,
Жаһандансам, айтшы содан не
өзгерді?!
Астанада қазақ деген қаны жоқ
Көрем кілең қамсыз қыли көздерді.
Жиырма жылда жеткен жерің осы
ма,
Головкиндер, Поветкиндер,
Джошуа.
Әбдісалан, Әбілсейтті ұмытып,
Қарау қазақ, не күн туды басыңа?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу