Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  154


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БІЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМЫЗ

Алаштың ұрпағы, Шығыстың түлегі,
Біз қазақ халқымыз, досқа адал жүрегі.
Арайлы азат таң нұрына шомылған,
Елімді бұл күнде жер жүзі біледі.
Қайырмасы:
Кең пейіл елі бар,
Кең-байтақ жері бар,
Елі үшін от кешіп,
Шоқ жұтар ері бар,
Біз қазақ халқымыз,
Алаштан алтымыз,
Тілі мен діні бір,
Ұрпаққа ұлағат,
Ата жол салтымыз.
Бақытты халықпыз өз-өзін билеген,
Келмеске кетті күн бұғаулап сүйреген.
Бар елге еркіндік, бостандық тілейміз,
Өзге елді сүйе алмас, өз елін сүймеген.
Адамзат баласы әлемге таралған,
Адам мен Хауадан жаралған.
Тіл басқа, дін басқа болса да біз үшін,
Бауырсың, қаңдассың, аяулы бар адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу