Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  93


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Көп болса білгеніңнен білмегенің...

Көп болса білгеніңнен білмегенің,
Хош алғын білімдіні, күндемегін.
Жаулассаң өзіңе жау жазығы жоқ.
Орынсыз ата-анасын тілдемегін.
Шайқама шайпау сөзбен иманыңды,
Иман нұр төкпе босқа жиғаныңды.
Басқа пәле келеді тілден деген,
Тіліңді хош аламын тыйғаныңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу