Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  78


Автор: Жарылқасын Аманұлы

«Ақынмын» деп болады айтуыңа...

«Ақынмын» деп болады айтуыңа,
Ел аралап, жер көріп қайтуыңа.
Ақын деген табиғат перзенті,
Ол өмірге келмейді жай туыла.
«Ақынмын» деп болады шалқуыңа,
Аққу, қаздай айдында қалқуыңа.
Ақын деген атаққа құмар болма,
Дақ түсіріп жүргені ар туына.
«Ақынмын» деп болады еркелеуге,
Ақылдыға еркелеу ертелеу ме!
Таланттыны білеміз айтпаса да,
Бірақ оны тағдыры желкелеуде.
Бәйге атындай тұлғасын жасыратын,
Көзге түсе бермейді асыл ақын.
Сорлы жабы тыртыңдап терге батып,
Қашанда да әдеті асығатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу