Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  96


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАҚСЫЛЫҒЫҢ БОЛМАЙДЫ

Бар арманы, аңсары ауғандардың ақшаға,
Жақсылығы болар деп ойламағын басқаға.
Алла берген мейірімнен ада болған жандардың,
Жүрегі де, жаны да айналады тасқа да.
Жүрегің тас болған соң, тойымсыз аш та боласың,
Ел-жұртыңды жау көріп, бәріне қас боласың.
Топастықтың торында өтіп есіл өмірің,
Пасық ойлы жексұрын имансыз нас боларсың.
«Дүние» деп, дүние» қор боп өтсе өмірің,
Санатына адамның қосар дейсің сені кім?
Қоңыздардай боқтан-боқ домалатып діңкелеп,
Демің бітсе ит құрлы еленбейді өлімің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу