Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  209


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АЛЛАНЫҢ ШАПАҒАТЫ

Алланың шексіз мейірім шапағаты,
Алланың жан адамға аманаты,
Ақыл-ой аң-құстардан артық берген,
Тірлікте шықпасын деп жаман аты.
Ар-намыс, оттан ыстық сезім берген,
Кең пейіл, кешірімді төзім берген.
Әзәзіл арбап кейбір адамдарды,
Ақ жолдан адалдықтан безіндірген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу