Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  86


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ХАН БАСЫМДЫ

Хан басымды, қадірімді өзім кейде қорлаймын,
Бармас жерге бару үшін өзімді-өзім зорлаймын.
Қорсылдасып шошқалармен, ырылдастым иттермен,
Өзіме де обал жоқ-ау, обал жоқ-ау, оңбаймын.
Амал бар ма, тағдыр жолы – өрмекшінің торындай,
Қар боратып қас қағымда қайнатады-ау сорыңды-ай.
Қыран аспас хан басыңа қарға саңғып қонған соң,
Өтер күнің, өтер түнің, айтшы, қалай қорынбай.
Жолдас болсаң жақсыменен, жетерсің деп мұратқа,
Жолдас болсаң жаманменен, қаларсың деп ұятқа.
Кемеңгерлер кетсе де айтып, тағдыр атты тарланым,
Шаң да жұтып, шаң жұқтырар шашасымен тұяққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу