Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  131


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТ ТӘҢІРГЕ

Он сегіз мың ғаламды,
Жаратушы Тәңірім.
Тәңірімнің бар ғалам,
Орындап тұр әмірін.
Теңіз тулап сапырып,
Дауыл тұрып жапырып,
Таулар жатса от болып,
Орынынан атылып,
Ғаламатын бәрінің,
Жасап тұрған Тәңірім.
Ей, адамзат баласы,
Алданышың – жиғаның.
Ақыреттік – иманың,
Иманыңды жоғалтпа.
Иманыңды жоғалтсаң,
Жол ашқаның тозаққа.
Әзәзілге алданбай,
Адал жүріп, оң атта.
Жоқтан бар ғып жаратқан,
Шетсіз-шексіз ғаламға,
Нұр сәулесін таратқан.
Рақыммен қараған,
Жанды-жансыз бәріңе,
Құлшылық ет Тәңірге,
Құлшылық ет Тәңірге.
Жоқтан бар ғып жаратқан,
Шексіз ғалам Егесі,
Арайлы әрбір таңыңды,
Құлшылықпен хош алам




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу