Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  76


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АБАЙҒА

О жарықтық, тұғырыңа табындырдың талайды,
«Оқу керек, оқу керек» деп жатамыз Абайды.
Бар-жоғы жалғыз кітап мұра еттің ұрпаққа,
Осқырынған ойы олақтар ондап томын санайды.
Жақсы нәрсе аз болады, жердің беті астында,
Аз емес пе інжу-маржан арасында тастың да.
«Өлең – сөздің патшасы» деп көтеріп ең көгіңе,
Патша сөзді күл еткеннен, пұл еткеннен қаштың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу