Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  134


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Ей, адамзат, дүние үшін алданба...

Ей, адамзат, дүние үшін алданба,
Еш қайыр жоқ алтыннан да, малдан да.
Иманыңның бары-жоғын сұрайды,
Бұл жалғаннан о жалғанға барғанда.
Ей, адамзат, иман керек бәріңе,
Иман керек жасыңа да кәріңе.
О жалғанда қараша да, хан да бір,
Қарамайды бақ пен дәулет беделіңе, әріңе.
Ей, адамзат, құлқыныңның қамы үшін,
Аяқ асты жатпасын ар мен намысың.
Қарның тойса құдайсына қалмаңдар,
Құдай емес, сен адамның қанысың.
Бір-ақ тамшы ата-анаңның қанысың,
Қаңдай таза болса деймін бар ісің.
Адамға тән ақыл қайда, ар қайда,
Неге ұятсыз кейбіреуің тағысың.
Әлсіздерге мейірімнен жұрдай боп,
Қарайсыңдар өліктей боп, сұрдай боп.
Әлді көрсең мысық, болып мияулап
Алдарында жорғалайсың құрдай боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу