Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  102


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАРЫЗЫМ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕР

Бір сәттік жарық,
Бір тамшы су мен
Бір демдік қана ауаңның.
Қарызын қалай өтермін,
Кім берер мұның жауабын?
Адамдар түгіл,
Аң менен құсқа,
Жасаған жоқпын жамандық,
Қаншама жетім-жесір мен қарттың,
Алғысын алдым, сауабын.
Қамқоршы болдым,
Қолымды создым,
Қашанда кем мен кемтікке.
Араша түстім,
Дәрменсіз, әлсіз
Өлім халіндегі «жемтікке».
Құшағымды аштым,
Бауырыма бастым,
Жаралы аң мен құстарды.
Барымды беріп,
Нанымды беріп,
Баламдай жанға ертіп те.
Рақымы шексіз,
Мейірімі шексіз,
Жаратқан Егем әлемді.
Пендеңнің ісі өзіңе аян,
Қажет етпейтін дәлелді.
Құлшылық етіп,
Амандық тілеп,
Ғаламда барлық адамға.
Атыңнан, Алла,
Жолдаймын күнде,
Жолдаймын шексіз сәлемді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу