Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  112


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АСТАН-КЕСТЕН КӨҢІЛІМ

Астан-кестен көңілім, астан-кестен,
Көз алдыма елестеп бастан кешкен.
Бастан кешкен бір күнгі ғұмырым-ақ,
Болады екен бірнеше дастан десең.
Бір-ақ күннің қайғы мен қуанышы,
Бір-ақ күннің күтпеген жұбанышы.
Жасартса да он жылға қартайтатын
Келер күннің бір сұмдық тұрар ісі.
Тақсіретін көп тартқан бір-ақ күннің,
Алар болсам есесін сұрап бүгін.
Онда өзімді санар ем армансыз деп,
Онда өзімді санар ем мұраттымын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу