Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  88


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАРТТЫҚ ОСЫ

Өмір сырын қандай жан ұға алады?,
Ұға алмастан барлығын құп алады.
Жарқылдатып жасындай бірте-бірте,
Сөндіред те қатардан шығарады.
Жарғанаттай жабысқан жар басына,
Бірі таяқ, біреуі арбасына,
Сүйенумен күйініп, күн батырып,
Дөңбекшумен күтеді таңды асыға.
Қарттық осы емі жоқ, қайыры жоқ,
Біразының баласы, зайыбы жоқ.
Түңілмейді сонда да тіршіліктен,
Қу қарттықтан басқа еш айыбы жоқ.
Жақсы адам қартайса қазына екен,
Қазымыр да кездесер пайымы жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу