Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  82


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҰМЫТЫП ЖАЛҒАН ДҮНИЕНІ

Ұмытып жалған дүниені,
Өртенген шағың есте ме?
Ұмытпай жүрмін мен сені,
Ұмытылар емес ештеңе.
Араны бөліп айлық жол,
Алыстап менен кетсең де,
Өзіңмен бірге жүремін,
Күн бойы күңгірт кеште де.
Отырсың сен де тыныстап,
Отырмын мен де тыныстап.
Естілер жүрек лүпілі,
Тыңдай алсаң дұрыстап.
Алланың берген адамға,
Қабілетінің шегі жоқ.
Мені ойлап әне біреудің,
Қасынан қаштың жылыстап.
Мен сені көріп отырмын,
Айшылық жерден, алыстан,
Көз алдымда тұрсың сен,
Сол күндей алғаш танысқан.
Бетімді демің шарпыды,
Сергітіп ойдан алысқан.
Жабырқатып жанымды,
Еңсемді басып жанышқан.
Аспан асты, жер беті,
Үйіміз біздің секілді.
Шашыңды сипап елжіреп,
Бетіңе бастым бетімді.
Алланың берген адамға,
Құдіретінің шегі жоқ.
Аллаға бұрсаң ақ адал,
Ықласпен ниетіңді.
Көкірегіңе көз бітіп,
Жарып шығар төсіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу