Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  83


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған...

Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған,
Тіршілік тозаңы болып тұңғиығыңда қарманам.
Жансыздарға әр беріп, жандыларға нәр берген,
Құдіретіңе, бір Алла, басымды иіп таң қалам.
Құдіретіңе, Раббым, ақыл мен ойым жетер ме?
Тылсымның сырын білсем деп,
тұншықтым қанша бекерге.
Адамның тегі маймыл деп, маймыл боп кете жаздадым,
Ел сеніп түгел жатқан соң мен сеніп Дарвин есерге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу