Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  71


Автор: Жарылқасын Аманұлы

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін...

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін,
Қошеметке құл болғанша, жақсы оданда өлгенім.
Дақ түсірмей өткізе гөр адамдықтың арына,
Рас болса бұл өмірге адам болып келгенім.
Арды сатып тапқан бағым, тапқан тағым құрысын,
Таусылмасын өзің берген, Алла, нәсіп-ырысың.
Көппен бірге көгерейін көсегемді көгертсең,
Көппен бірге бітсін соңғы жарығым да, тынысым.
Көптен артық болуға да, толуға да қақым жоқ,
Ойлай берсем, туғандаймын соры қалың ақын боп.
Жарым, сені, балам, сені ұмытқандай жайым бар,
Ел-жұртымнан, өз халқымнан артық маған жақын жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу