Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  137


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Байлықты бедел санама, ерлердің басын бағала...

Байлықты бедел санама, ерлердің басын бағала,
Ерекше ғып жаратып, тудырған Алла Тағала.
Әліңді біл, Аяз би, жолыңды біл құмырсқа,
Ақылсыз сөйлеп ақиып, жағаласпа жағаға.
Жомарт Алла беделге қоса берсе байлығын,
Қосарлана «туды» де оңнан, солдан ай-күнім.
Қуанышың тыйылмай, дастарқаның жиылмай,
Ел алдында асқақтар арыстандай айбының.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу