Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  93


Автор: Жарылқасын Аманұлы

«Ала гөр» деме Аллаға...

«Ала гөр» деме Аллаға,
Ал демесең де кетесің.
Артынан ата-анаңның,
Арулап тәнді жетесің.
«Қалды-ау деп жарым жылама,
Жазмышқа не етесін.
Былғамай жүрсе табысар,
Ақ төсек адал некесін.
Күнәлі болма, адамзат,
Аллаға қолқа салмағын.
Болғын да сау-саламат,
Қызығын көргін жалғанның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу