Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  117


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Кімге жақсы бұл өмір, кімге жаман...

Кімге жақсы бұл өмір, кімге жаман,
Кімге жарық бұл өмір, кімге қараң.
Тұңғиыққа батырып, тұншықтырып,
Бір қиындық кездесер күнде маған.
Бір қиындық жүйкемді тоздырады,
Кеселімді қырық жылғы қоздырады.
Бір қиындық үзердей жұлынымды,
Қол жетпеске мойнымды создырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу