Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  180


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ӘДІЛЕТТІҢ ЖОЛЫНДА

«Әділет» деп,
Әділеттің жолында,
Семсерлерін сермегендер сорлайды.
Түптің-түбі әділетті көксеген,
Адамдарды қара халық қолдайды.
Жаратушы қорғайды.
Әділетке
Қарсы шыққан сұмырай,
О, жалғанда, бұ жалғанда оңбайды.
Бұ жалғанда абыройдан айырылса,
О, жалғанның тозағында,
От оранып боздайды.
Біле тұра осыны,
Әділдікті аяқ асты еткендер,
Жалған сөйлеп,
Жанын жалдап жемтігіне жеткендер.
Қарға-құзғын секілді,
Өлексені қарумен,
Қу құлқынға құл болып,
Қарабет боп өткендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу