Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  79


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Ақындарын туғызар заман ғана...

Ақындарын туғызар заман ғана,
Заманыңды, ақыным, жамандама!
Ғаламды да бұзатын, заманды да
Дию, пері, жын емес, адам ғана.
Қандай текті болсаң да, бабаң дана,
Сені жолдан тайдырар адам ғана.
Заман – халық болмысы бет бейнесі,
Заманынды, халқынды жамандама.
Заманына бас ие – адам ғана,
Дана болса бас иең – алаңдама.
Қой үстіне бозторғай ұя салып,
Тыныштық орнар калаң, далаңда да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу