Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  114


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің
берген бе?
Суырылдың семсердей сұрқай заман келгенде.
Шыбын жаның шырқырап қиянатты көргенде,
Шамырқана жыр жаздың ішқұсалық шерменде.
Ер қадірін кім білген түйсіксіздер түңілтті-ау,
Еh, қадірін білер ел, әттең-ай деп өлгенде.
Тұлпарыңның тұяғы тасқа шауып кетілді,
«Елім» деген жүрегің жыртылумен жетілді.
Арыстандай айбатпен, жолбарыстай қайратпен,
Аңға атылып арылдап, өртке бұрдың бетіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу