Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  148


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Аққулар неге сыңсиды?

Аққулар неге сыңсиды?
Жүрекке сыңсып мұң құйды.
Шошытып жанды ақ шабақ,
Аспанға неге ыршиды.
Жұлдыздар неге ағады?
Жүрегім неге қағады?
Желкілдеп тұрған шыбықты,
Қырқып отқа жағады.
Балқаштың түні мұңданған,
Жағасы қайыр құмданған.
Айқайлап билер адамдар,
Араққа тойып жынданған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу