Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Болады бәрі, толады...

Болады бәрі, толады,
Толады да солады.
Жандылар түгіл жансыз да –
Жалғанның аз күн қонағы.
Кердеңдеме, кекірме,
«Тойындым» деп секірме.
Мықты болсаң қарайлас,
Жесір менен жетімге.
Таулар да бір күн өшеді,
Құмдар да жал-жал көшеді.
Айналып шөлге барады,
Шалқыған Арал кешегі.
Опалы не бар жалғанда,
«Жалған» деп бәрі арманда.
Алдамшы мына дүние
Атадан мирас қалған ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу