Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  3215


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АТА-АНАНЫ ЕСКЕ АЛУ

Алланың көнер пенде салғанына,
Кім жеткен бұл жалғанда арманына.
Жалғызың қалды артта, ата-анам,
Шайнаған тісі батпай бармағына.
Бордай боп кейбір кезде үгілемін,
Еңсемді көтере алмай бүгілемін.
Сай болып тұрса дағы төрт құбылам,
Опасыз дүниеден түңілемін.
Өздерің көріп кеткен дала, аспан,
Саф ауа үн, демдерің араласқан.
Жандарың жаннатта ма, ата-анам,
Торықтым жер бетінен таба алмастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу