Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  69


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚҰДАЙДАН СҰРАП ТҰРМЫН

Құдайдан сұрап тұрмын,
Қол жайып жылап тұрмын.
Бұл күнге жету үшін
Қанша рет құлап тұрдым.
Бостандық алған үшін
Бозқасқа құрбан шалып,
Бөркімді аспандата
Аспанға лақтырдым.
Жүрегім жарылмастан,
Мен қалай шыдап тұрмын.
Ұл-қызым, немерем үшін,
Ұрпағым, шөберем үшін.
Басқа ел халықтармен,
Теңесер кемерем үшін
Қолымды көкке жайып,
Құдайға жылап тұрмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу