Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  86


Автор: Жарылқасын Аманұлы

МІНЕЗ

Жеген астан адамзаттың өзгереді мінезі,
Құдіреттің құпиясы, кереметі бұл өзі.
«Қазақ халқы жылқы мінез» деген сөз бар көнеден,
Сол халықтың ұлағатты ұрпақтары біз еді.
Жылқы малы табан астын көрмесе де біледі,
Көк серкені баспаған соң шабандоздар іледі.
Қарсы алдына құлап түссең қарғып өтер үстіңнен,
Төрт түліктің жылқы ғана қасиетті түлегі.
Айдағанға, байлағанға шошқа харам көнбейді,
Шошқа етін жеген жандар теріс ісін жөн дейді.
Қайда жүрсе алдыңды орап, сүзіп-жарып кимелеп,
Ілтипат жоқ үлкенге де «сен» дейді, жол бермейді.
Үлкендерге сәлемдескен бұрын жастар иіліп,
«Көп жаса» деп бата берген алқалы топ сүйініп.
Шошқа етін жеп өскен ұрпақ аға түгіл бабасын,
Қағып-соғып өте шығар, қас-қабағы түйіліп.
Жеген асың адал болса – таза жаның, қаның да,
Таза болса қаның, жаның – таза болар арың да.
Жеген асы харамдардан еш жақсылық күтпегін,
Жолдас болсаң – айбалтаң да болсын сенің жаның да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу