Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  164


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҰЛЫ ДАЛАМ

Ұлы далам, ұлы анам,
Құдіретіңе табындым.
Сағым жортқан боз жусанды,
Сардаламды сағындым.
Ұлы қала болған емес,
Болмайды да ешқашан.
Ұлы қала деген болсам,
Ақылымнан жаңылдым.
Ұлы дала, ұлы ананың,
Балапаны – қалалар.
Дала біреу, ал қалалар,
Жүздеп, мыңдап саналар.
Орман-тау да,
Бақша-бау да,
Алақаныңда ұлы анам,
Сенде туды,
Пайғамбар да, Перғауын да даналар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу