Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  251


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Опасыз жалған дүние...

Опасыз жалған дүние,
Дүние үшін күйіне берме, күйіне.
Қонақ екеніңді ұмытпа,
Өзіңнің тіптен үйіне.
Өтеді жалған, өтеді.
Жым-жылас болып кетеді.
Мансабыңды пұлдама,
Байлығыңды да пұлдама.
Тіршіліктің тірегі
Сыйластық керек бір ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу