Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  93


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Бәрін де ғазиз жүрек көтереді...

Бәрін де ғазиз жүрек көтереді,
Дертіне болмаған соң етер емі.
Шын сүйсең, жүрегімнің дүрсілі де,
Бір сенің құлағыңа жетер еді.
Бір әуен іштен шықпай тұншығады,
Бүгінде таңға жаным тыншымады.
Өзіңсің жастығымның ескерткіші,
Өзіңсің өшпей қалған бір шырағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу