Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  62


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ХАЙДАР АРЫСТАНБЕКҰЛЫНА

Абызы болдың халықтың,
Аңызы болдың халықтың
Бірісі болдың алыптың,
Ірісі болдың алыптың,
Бетінде қалар мәңгілік,
Бетінде ұлы тарихтың.
Еңбегің ерен еліңе,
Тер төктің туған жеріңе.
Шың басындағы шынарсың,
Тартыпсын текті тегіңе.
Ұқсайсың Құнанбайға да,
Ұқсайсың Сегіз Серіге.
Бабаңыз Тобықты,
Бақ дарып, Қадыр қоныпты.
Атаңыз дана Абайдан,
Қай қазақ қашан озыпты?
Сіздің де ұзақ ғұмырда,
Орныңыз төрден болыпты.
Дана да мұңға батады,
Улардан уды татады.
Он сегіз мың ғаламды,
Тербетіп таңы атады.
Ақылдың тартып азабын,
Даналық дәнін шашады.
Тоқсанға кепті жасыңыз,
Жүзден де жүйткіп асыңыз.
Тәуекел атты тарланға,
Тақымды мықтап басыңыз.
Халқыңыз үшін қашан да,
Алтыннан қымбат басыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу