Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  78


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚҰМАР ДЕМЕ

Құмар деме біреуді жылатуға,
Жұбатуға дайынмын, сұра, тума.
Әуестігім тағы жоқ, әлсіреген,
Дұшпан екеш дұшпанды құлатуға.
Жүрген жоқпын біреуден асайын деп,
Тасайын деп, көңілін басайын деп.
Қолдан келсе, мен жүрмін барлығыңа,
Барлығыңа жақсылық жасайын деп.
Ешбіріңді, азамат, күндемеймін,
Өркен жайып күн сайын гүлде мейлің.
Сендер жақсы болсаңдар, мен де жақсы,
Мені жаман десең де үндемейін.
Сендер барда – қызықты тіршілігім,
Сендер құйдың жүрекке жыр шырынын.
Тілектеспін бәріңе, ей, азамат,
Майыспасын бір гүлің, бір шыбығың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу