Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  76


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КЕУДЕМДЕГІ ҚАЗЫНА

Кеудемдегі қазына жүректегі жалынның,
Қуатында, күшінде бойымдағы дарынның.
Білетұғын бір өзім, кімнен артық, кімнен кем,
Тон пішер көп сыртымнан қайсы бірін жамылдым.
Өзгелерге беймәлім, мұңым менен сырым да,
Қай биіктен құладым, қандай едім бұрын да.
Болса да ащы өмірдің айтамын деп шындығын,
Үзіп, жалғап келемін, жүрегімнің қылын да.
Өзгелерге құпия өзектегі өртім де,
Өртке сеуіп көз жасын, тынышталдым бертінде.
Сенімімді жаныма серік етіп сел кештім,
Қашан да бір басым тағдырымның еркінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу