Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  100


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АТЫМТАЙДАЙ БОЛСАМ-АУ

Атымтайдай жомарт болған жан бар ма?
Атымтайдай болар мен де мал бар ма?
Қысқа жіптің келтіре алмай күрмеуін,
Өксіп өткен күндерім көп арманда.
Бірді екіге сонда дағы бөлместен,
Сұрағанға бердім сөзге келместен.
Дүние үшін қабақ түйіп, күйініп.
Бір адаммен жан емеспін «сен» дескен.
Бөліп берсем деймін қолда барымды,
Ойламастан қарақан бас қамымды.
Берді Құдай пейіліме шүкірлік,
Көтере алмас осы дәулет, бағымды.
Қай арманы орындалар ойдағы,
Күш-қайратты сарқып келем бойдағы.
Тілегенім – жетілгені жетімнің,
Тілегенім – қайыршының тойғаны.
Бір басыма мал да, жан да жетеді,
Мекен-жайым – Алатаудың етегі.
Көрсем бірақ кем-кетікті, жетімді,
Іштей жылап, еңсем түсіп кетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу