Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  93


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТӨГІЛІП, ТӨСЕК БОЛЫП ЖАПЫРАҒЫҢ

Төгіліп, төсек болып жапырағың,
Сөгіліп көкірегің, атырабың.
Күз келіп, құба белмен құс жолында,
Үзілмей күндіз-түні жатыр әнің.
Өз сәні, өз әнімен күз де кетер,
Шағады құстар мұңын бізге бекер.
Баласын ұмытпайды ана-дала,
Баласы дала-анасын іздеп өтер.
Көл де анау ауық-ауық аһ ұрады,
Толқынын толқын қуып сапырады.
Құс болып көлге енді қонып жатыр,
Күзелген бау-бақшаның жапырағы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу