Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  92


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ОЗБАЙДЫ ДЕМЕ УАҚЫТ

Озбайды деме уақыт,
Тозбайды деме ғимарат.
Тасты да мүжіп, уатып,
Ғасырлар өтер зымырап.
Жалына келем жабысып,
Астымда асау ғұмыр-ат.
Ажалмен кейде алысып,
Әкетпек болған жұлып ап.
Қас қағым сәттей болмасын,
Ғұмырдың бастан білсем де.
Ішімде еріп қорғасын,
Жатады күліп жүрсем де.
Тілегім, жалғыз тілегім –
Қалдырма арман көңілге.
Соға бер, қайран жүрегім,
Келмеймін екі өмірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу