Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  62


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТОЛҒАНҒЫН, ЖАНЫМ

Толғанғын, жаным, толғану үшін жаралған,
Толғану үшін жеткізбей кеткен сан арман.
Үмітті үрлеп жылт еткен түнгі оттардай,
Тәтті екен күндер қиялға қайта оралған.
Қиялмен шертіп, күндерді сол бір күй еткен,
Домбыра – өмір, іштегі – сезім, тиек – мен.
Жадағай көңілім жабырқау тартқан шақтарда,
От-жалын жырым, тасқындат мені сүйеп сен.
От-жалын жырым, суынып, сөне көрмегін,
Суынар болсаң – тірідей менің өлгенім.
Ұйқымнан айыр, күлкімнен айыр, күн берме,
Сонда да сенсің қаруым, күшім, сенгенім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу