Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  73


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СЕЗЕМІН САЛҚЫН РАЙ ЖҮЗІҢНЕН ДЕ

Сеземін салқын рай жүзіңнен де,
Тумаған көктемің боп күзің мен бе?
Аяулым, айлық жерден ләззат берген,
Жүректің антенасы үзілген бе?
...Мен өскен бастың жердің топырағын,
Қарашы, бел-бел қызыл шоқыларын.
Өзіңді қиялыммен жарға балап,
Бір кезде сол белдерге отырғанмын.
Балалық уыз сезім арманым-ай,
Алданып арманыма қалғаным-ай.
Көрініп жұлдызы ыстық сары қыздың,
Деп пе едім «жара салар жанға бұлай».
Жүректі жылдар өтті жүгендеумен,
(Өртеніп өтер бәлкім кілең кеудем).
Қош болғын, бір шаңырақ астында енді,
Үміт жоқ, бірге өмір сүрем деумен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу