Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

САҒАН КЕЛСЕМ АРҚА-БАСЫМ ЖАДЫРАП

Саған келсем арқа-басым жадырап,
Жыр да оқып желпінемін азырақ.
Күйші болып әлде бір күн кетем бе?
Айтқан сырдан іштегі үнім саздырақ.
Келгендей-ақ жаудың бетін қайтара,
Есігіңді ашып кірем айқара.
Қатарымдай қалжың да айтып қажаймын,
Осы інің сайқымазақ сайтан, ә?
Сен де ақтарып ішке бүккен сырыңды,
Жиі аласың еске жастық күніңді.
«Соңғы кезде қылық ашып жеңгең де, –
Жымиясың, – алмайды, – деп, – тілімді».
Әдетімен, жаны таза жақсының,
Түс суытып демедің сен басшымын.
Өзің теңдес ағалардан абзалы,
Мұндай мінез аз көріп ем, тап шыным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу