Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЗАМАН

Заман жақсы, Заң жақсы, Адам бірақ,
Болса екен деп тілеймін табандырақ.
Сатып кетер Отаның опасыз бар,
Ойламайтын қалар деп балам жылап,
Ойламайтын қалар деп анам жылап.
Опасыз бар қашанда арамызда,
Ол белгісіз ағамыз, баламыз ба?
Елін сатқан кезінде жетесізден,
Жара қалды жазылмас даламызда,
Опасыз жоқ дегенге нанамыз ба?
Бұған ешбір дәлелдің жоқ керегі,
Мұндай сұмдық қашан да боп келеді.
Кешегі өткен ұлы Отан соғысы да,
Арамызда арамза жоқ демеді.
Заман жақсы, заң жақсы, жақсы бәрі,
Жаман деген адамды тапшы, кәні?
Қой үстінде бозторғай ұя салып,
Жоқшылықтың жойылды ащы дәмі.
Көкке өрледі халықтың бақ шынары,
Жоқ дейсің бе бірақ та жат ойлылар,
Біз дегенге қуырылған апшылары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу