Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  148


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БОЙДАН ҚУАТ, КҮШ КЕТСЕ

Бойдан қуат, күш кетсе,
Бал-бұл жанған түс кетсе.
Ауызыңнан тіс кетсе,
Қайыры бір қараға
Қолдан келер іс кетсе.
Досыңа айтып мұңыңды,
Қасыңа айтып сырыңды,
Алдырарсың сырыңды,
Кетірерсің құныңды.
Махаббаттан мән кетсе,
Маздап айтар ән кетсе.
Тайдай тулар жүрекке,
Жүген түсіп әл кетсе.
Жастығым деп жыларсың,
Жайдақ судай тынарсың.
Жапырағың сарғайып,
Бәйтеректей құларсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу