Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  113


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАС ТАМАДЫ ЖАНАРДАН

Жас тамады жанардан, жас тамады,
Жан сақтаудың қалмаса басқа амалы.
Босатпаса тағдырдың тас қамалы.
Жүріп келем әзірше тәлтіректеп,
Не өтерін кім білсін бастан әлі?
Алатауы арманның қашық па екен?
Келер күндер аспаны ашық па екен?
Келер күнге мендей жан ғашық па екен?
Сарқылуға айналған дариямды,
Дария өмір, дариға-ай, тасытса екен!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу